Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізінің айдынында 6 сәуірден бері жауынгерлік кезекшілікте жүрген «Сардар» шекарашылар кораблі Ресей Федерациясының төрт азаматы мінген шағын кемені ұстады.
«Байда кемесін тексеру барысында шекарашылар бекіре тұқымдас 200 килограмм балық, 8 дана итбалық терісі, 50 метр охан аулары, спутниктік навигациялық құралдарды тәркіледі «, -деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталғандар Баутино ауылындағы бухтаға жағалауға жеткізілді. Қазір Ресей азаматтарының Қазақстанның аумақтық суларында заңсыз балық аулау дерегі бойынша тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті