Таразда "Казхиминвест" ЖШС аумағында жер асты мұнай қоймасында жарылыс болды, құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда  "Казхиминвест" ЖШС аумағында жер асты мұнай қоймасында жарылыс болды, құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ

Таразда "Казхиминвест" ЖШС аумағында жер асты мұнай қоймасында жарылыс болды, құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Таразда "Казхиминвест" ЖШС аумағында жер асты мұнай қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 557
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Тараз қаласында Таразда «Казхиминвест» ЖШС аумағында 6-сәуірде 00 сағат 25 минутта жер асты мұнай қоймасында жарылыс болып, төгілген мұнай өнімдері 350 шаршы метр аумақта жанды.

Қойманың жалпы көлемі 1200 шаршы метрді құрайды. Көлемі 550 шаршы метр цистерна шикі мұнаймен толтырылған. Өрт 6 сәуір күні 01 сағат 41 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

6-сәуір күнгі 16 сағат 25 минуттағы жағдаймен өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 108 адамы мен 16 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті