Қызылордалықтың айтуынша, ол қауіпті заттары бар жәшіктерді Сырдарияның жағасынан кездейсоқ тауып алған. Полиция қызметкерлері ол тротилды сең жүрген кезде өзен үстінде жару жұмыстарын жүргізу кезінде ұмыт қалдырылуы мүмкін дейді.
Жәшіктерден жалпы салмағы 68 кг тартатын 252 тротил шашкасы санап алынған.
«Жарылғыш заттың әрбір килосы үшін 7008 теңге, яғни барлығы 475 843 теңге төленеді», — деп түсіндірді облыстық ІІД.
«Қазіргі таңда облыста өз еркімен 336 қару тапсырылған. Оның ішінде 2 қысқа ұңғылы, 63 — ұзын ұңғылы қарулар бар. Полиция қызметкерлері 886 әскери оқты қабылдаған. Қару тапсырған азаматтарға жоспарланған 7,5 млн теңгеден 2,5 млн теңгесі төленген.
«Сараптама тапсырылған қарулардың ешқайсысының қылмысқа қатысы жоқ деген қорытындыға келді», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Қабылданған қару тіркеу бойынша барлық тексерулерді өткізетін арнайы сараптамадан кейін жойылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті