Парламент сенатының спикері мен Үндістан вице-президенті екі елдің ынтымақтастығы жайлы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сенатының спикері мен Үндістан вице-президенті екі елдің ынтымақтастығы жайлы талқылады

Парламент сенатының спикері мен Үндістан вице-президенті екі елдің ынтымақтастығы жайлы талқылады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев мен Үндістан вице-президенті Мухаммад Хамид Ансари екі елдің ынтымақтастығы жайлы талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Біз екі ел арасындағы ынтымақтастық үлкен қарқынмен, кейінгі жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың негізінде ілгерілей дамып келе жатқанын атап өттік», — деді келіссөздерден кейін өткен брифингте сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, кездесу барысында тараптар «басты аймақтық және ғаламдық проблемалар бойынша пікір алмасты». «Келіссөздер Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналды», — деді Қ. Тоқаев.

«Біз екі елдің де қарқынды дамып келе жатқанын және сенімді әріптестер екенін атап өттік», — деді ол.

Сенат төрағасы сонымен бірге, парламентаралық қарым-қатынастарды дамыту үшін Қазақстан мен Үндістан парламентінің депутаттарынан құралған депутаттық және достық ынтымақтастық тобы құрылатынын хабарлады.

Қ. Тоқаевтың айтуынша, «Қазақстан Үндістанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болуға ұмтылысына қолдау білдірді».

Өз кезегінде Үндістан вице-президенті Мухаммад Хамид Ансари диалог барысында «Үндістанның президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы болып табылатын Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымын ілгерілетуге қолдау көрсететінін» жеткізді.

«Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы қазіргі заман қатерлеріне төтеп бере алатын және бүгінгі мақсат-міндеттерді шеше алатын ұйымға айналды», — деді ол.

Сонымен бірге, Үндістан Қазақстан президентінің әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезін өткізу бастамасына қолдау білдірді.

Үндістан вице-президентінің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $200 млн құрады.

«Біз екі жақты сауда-саттық айланымын кеңейту тәсілдері және экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын, әсіресе мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде келіссөздер жүргіздік», — деді Мухаммад Хамид Ансари.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті