Ол сапардың үстіміздегі жылдың 10 — 11 сәуіріне жоспарланғанын хабарлады.
«Сапар мақсаты Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянспен серіктестік іс-әрекетінің жеке жоспарының негізгі бағыттарын Қазақстан жағымен талқылау болып табылады», — деп түсіндірді Е. Ашықбаев.
Сапар барысында Р. Симмонс Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарында кездесулер өткізіп, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессорлар-оқытушылар құрамының алдында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, НАТО-ның депозитарлық кітапханасының ашылуы болатын Ұлттық академиялық кітапхананы тамашалайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті