Ол кездесудің күн тәртібінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы «Жаңаша әріптестік стратегиясын» жүзеге асыру, білім беру, сауда және экономика, энергетика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен қазіргі қатерлермен күрес және халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер талқыланады.
Мәселен, Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, «Қазақстан жағы стратегияны жекелеген бағыттарда жүзеге асыру іс-қызметін шоғырландыруды ұсынбақшы». «Нақты жобаларды жүзеге асыру талап етілетін бірінші кезектегі салалар ретінде білім беру, транспорт және қоршаған ортаны қорғау аталады», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті