Кабулда Қазақстанның есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды одан әрі жүзеге асыру жайы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулда Қазақстанның есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды одан әрі жүзеге асыру жайы талқыланады

Кабулда Қазақстанның есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды одан әрі жүзеге асыру жайы талқыланады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәуірдің 11 мен 18 аралығында ҚР СІМ төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі - ҚР үкіметінің Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі арнаулы өкілі Асхат Оразбай басқарған мекемеаралық делегация Ауғанстанға бармақшы. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Сапар мақсаты Ауғанстанның мүдделі органдарының өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасына көмек көрсету жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан жағының есебінен жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру тетіктерін дәйектеуге саяды», — деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті