Қазақстан мен Үндістанның сыртқы істер министрлері екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Үндістанның сыртқы істер министрлері екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан мен Үндістанның сыртқы істер министрлері екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжин мен Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер министрі Едапакатх Ахамед екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Сәуiр 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Біз екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқыладық, атап айтсақ, мұнайгаз саласы, тоқыма өнеркәсібі және білім беру секілді нақты салалар бойынша ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігін талқыладық», -деді кездесу қорытындысы бойынша Үндістан СІМ журналистерге берген сұхбатында.

«Тұтастай алғанда, екі жақты қарым-қатынастардың жақсы перспективасы бар, оған Қазақстан президентінің ағымдағы жылдың қараша айында Үндістанға жасайтын сапары жаңаша серпін береді деп ойлаймын», -деді ол.

Ресми мәлімет бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2007 жылы $200 млн құрады. Қазақстан экономикасына жұмсалған Үндістан инвестицияның жалпы көлемі $13,2 млн құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті