"Союз ТМА-12" экипажының ғарышкерлері ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне жүріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз ТМА-12" экипажының ғарышкерлері ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне жүріп кетті

"Союз ТМА-12" экипажының ғарышкерлері ғарыш айлағының ұшырылым кешеніне жүріп кетті

Байқоңыр. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажының ғарышкерлері скафандрларды кию мен ғарыш кораблінде жайғасу үшін №254 алаңдағы ұшырылым кешеніне аттанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 8 Сәуiр 2008
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» ғарыш айлағында бүгін ұшырылым күні. Ұшырылым алдындағы дайындық кестесіне сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 17 экспедицияның негізгі экипажына кіретін Ресей ғарышкері, ХҒС командирі, «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің командирі Сергей Волков, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің бортинженері Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон 10 сағат 15 минутта арнаулы автобуспен скафандрларды кию мен дайындықтар үшін №254 алаңдағы ұшырылым кешеніне аттанды.

14 сағат 15 минутта корабль командирі мемлекеттік комиссияның төрағасына экипаждың ұшырылымға дайын екенін мәлімдейді. Бұдан кейін ғарышкерлер автобуспен №1 алаңдағы Гагарин стартына ғарыш кораблінде жайғасу үшін аттанады.

Ғарышкерлер ғарыш корабліне тоқсатымен көтеріліп, ұшу-қон орындықтарының ложементтеріне жайғасады, бұдан кейін олар үш сағат бойы кеме жүйелерін тексереді.

Бүгін таңертең, сондай-ақ, ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп, «Союз-ФГ» зымыран тасығышын зымыран отынының компоненттерімен толтыруға дайындала бастады.

Отын құйылғаннан кейін «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Союз ТМА-12» транспорттық пилотты ғарыш кемесін ұшыру туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.

Ғарышкерлер экипажының 17 негізгі экспедициясы мен 14 экспедиясын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті