Қаржы полициясының қызметкері мен наркологиялық диспансер күзетінің бастығы 12 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алуға күдікті ретінде қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясының қызметкері мен наркологиялық диспансер күзетінің бастығы 12 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алуға күдікті ретінде қамауға алынды

Қаржы полициясының қызметкері мен наркологиялық диспансер күзетінің бастығы 12 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алуға күдікті ретінде қамауға алынды

Тараз. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясының сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімі басшысының орынбасары мен облыстық наркологиялық диспансердің күзет бөлімінің бастығы 12 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алуға күдікті болып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Алдын ала болжам бойынша күдіктілер наркодиспансердің дәрігері Айдын Жортаровтан пара алды деген айыптау бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін ақша талап еткен», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдіктілерді Жамбыл облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлері тұтқындаған. Бірақ кейін істі қаржы полициясына тапсырған. Қазіргі сәтте Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің қызметкері ауруханада, ал наркологиялық диспансердің күзет бөлімінің бастығы үй қамауында отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті