Алматың ҰҚКД 51 келі героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматың ҰҚКД 51 келі героин  тәркіледі

Алматың ҰҚКД 51 келі героин тәркіледі

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қызметкерлері Тәжікстанның екі азаматынан 51 келі героин тәркілеп, есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен оларды қамауға алды, деп хабарлайды агенттік департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 544
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Тәжікстан арқылы Қазақстанға, Ресейге өтетін есірткі контрабандасының халықаралық арнасына тосқауыл қою жөнінде көп сатылы арнайы операциясы кезінде биылғы жылы Алматыда ең көлемді есірткі тәркіленді.

«Алматының киім-кешек базарларының көлік тұрақтарының бірінде ҰҚКД қызметкерлері жүк тіркемесінен 15 келі есірткі затын тауып тәркіледі. Сол кеште департамент қызметкерлері «Сайран» көлік вокзалында криминалды жүктің иесі болған Тәжікстан азаматын қолға түсірді. Анықталғанындай, ол бұл героинді Қостанайға жеткізбекші болған «, — деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күннің түнінде ҰҚКД қызметкерлері Алматы аудандарындағы үйлердің бірінде заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен, оның сыбайласы болған тағы да бір Тәжікстан азаматын құрықтады. Оның уақытша тұрып жатқан пәтерін тінту кезінде 36 келі героин табылды.

Бүгінгі кезде тергеу департаменті қолға түсіргендерге қатысты қылмыстық іс қозғап ҰҚКД тергеу қапасына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті