Мәжіліс заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс заңды тұлғаларды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасының мақсаты шағын және ірі кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу процедураларын жеңілдету арқылы республикада жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауға саяды», -делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, «қазір заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі тек қана шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні деп белгіленген».

«Заң жобасымен ең төменгі тіркеу мерзімін өз іс-қызметін типтік жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған орта және ірі кәсіпкерлік субьектілері үшін де белгілеу жөнінде өзгеріс енгізіледі», — делінген құжатта.

Заң жобасы сенатқа жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті