Мәжіліс "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Сәуiр 2008
  • 701
Фото - Caravan.kz

«Хаттамаға бірігу елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық тұрғыда өзгертілген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық алып өтуге байланысты қызметті жүзеге асырғаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейтуге, оларды елге әкелуге жол бермеуге шаралар қолдануға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобалар бойынша өзара көмек көрсету мен жақын халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, биотехнологиялар саласындағы ақпараттармен алмасуға мүмкіндік береді», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттамаға 2000 жылдың 29 қаңтарында Монреаль қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті