Қарағанды облысының әкімі Қарағанды әкімдігіне сын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі Қарағанды әкімдігіне сын айтты

Қарағанды облысының әкімі Қарағанды әкімдігіне сын айтты

Қарағанды. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин Қарағанды әкімдігінде өткен кеңейтілген жұмыс кеңесінде қаланы көріктендіру бағдарламасын тыңғылықты жүзеге асыра алмай отырған Қарағанды әкімдігіне сын айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 497
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолдарды жөндеу және ұстау, көлік қозғалысы, автобус тұрақтарын көріктендіру мәселелері талқыланды.

«Бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі жылдан-жылға ұлғая түсті, сол себепті қарағандылықтар нақты нәтижелерге көз жеткізуге тиіс. Ал осы жұмысқа жүйелі көзқарас жетіспейді, барлық жөндеу жұмыстарының сапасына қойылатын бақылау әлсіз», — деді облыс әкімі.

«Әрине, орталық көшелерге, алаңдар мен гүлзарларға белгілі бір дәрежеде назар аударылғанымен, қаланың аумағы осымен шектелмейді ғой», — деді Н. Нығматулин.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қала басшылығына бірқатар тапсырмалар беріп, оларды орындайтын мерзімді белгіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті