Сенат "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңды қабылдады

Сенат "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңды қабылдады

Астана. 10-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, конвенцияда теңізбен жүк тасымалдауға қатысты кейбір ережелер белгіленеді. Конвенция ережелері кеменің, тасымалдаушының, жүк жіберушінің немесе жүкті қабылдап алушының ұлтына , еліне қарамастан қолданылады.

Конвенцияның 9 бабында жүкті кеменің ашық палубасында тасымалдау шарттары айқындалады. Құжатқа сәйкес, жүк тасымалдаушы мен жүк жіберуші арасындағы келісім бойынша ғана, немесе, бұған заңнамалық нормалар мен ережелерге сәйкес талап етілген жағдайда ғана ашық палубада тасымалданады.

«Конвенцияға кез-келген қатысушы мемлекет денонсация жасай алады. Денонсация ол туралы хабарландыру бергеннен бір жыл өткенде өз күшіне енеді», — делінген қорытындыда.

Конвенцияға 1978 жылдың 31 наурызында Гамбургте қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті