Парламент Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын ҚҚС босату мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын ҚҚС босату мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Парламент Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын ҚҚС босату мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Астана. 10-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының "Салық және және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босату мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 650
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Салық кодексінің 226-шы бабының нормаларын қолдануға байланысты туындаған жағдайды жою үшін жасалған.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босатуды қарастыратын түзетулер күшіне енді. Алайда, Салық кодексінің осы нормасына сәйкес, Қосалқы құн салығынан босату тұрғвн үй ғимаратының бір бөлігін сату мен жалға беруге таралмаған.

Кодекс баптарының нормасын түрліше түсіндіру салдарынан Қазақстанның құрылыс ұйымдары зардап шегіп, оларға салық органдары 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қосалқы құн салығы мен осы соманың 50% көлемінде өсімпұл тағайындаған.

Енгізілетін түзетулермен Салық кодексінде туындаған аталған құқықтық қарама-қайшылық жойылады.

Заң жобасы президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті