«Жыл басынан бері Қазақстанда 12 дала өрті тіркеліп оның алтысы Павлодар облысында орын алды «, — деп ақпарат берді Л. Шапошникова.
«Көктем басталғаннан кейін ормандарда өршитін өрт көздері ұлғаюы мүмкін. Азаматтардың кәдуілгі өрт қауіпсіздігін сақтамауынан дала мен ормандарда өрттің туындайтыны өзекті мәселеге айналып барады «, — деп атап өтті ол.
«Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әрбір Қазақстан тұрғынына жолдаған үндеуінде былай деген: жер, орман, дала біздің байлығымыз болғандықтан оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек. Ол үшін орманда өрттің өршуіне жол бермеуіміз керек», — деді Л. Шапошникова.
ТЖМ ақпараты бойынша өткен жылы республика бойынша 505 орман, 579дала өрті тіркеліп соның салдарынан 540 млн теңгеге шығын келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті