Маңғыстау облысында "Қазақстаннан экспортталатын тауарларға тәуелсіз инспекциясы" жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында "Қазақстаннан экспортталатын тауарларға тәуелсіз инспекциясы" жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Маңғыстау облысында "Қазақстаннан экспортталатын тауарларға тәуелсіз инспекциясы" жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Ақтау. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында 2008 жылы "Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ "Қазақстаннан экспортталатын тауарларға тәуелсіз инспекциясы" жобасын жүзеге асыруды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов хабарлады.

  • 10 Сәуiр 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Мұнай кәсіпшілігі химиясы институты» ЖШС жобаға бастамашы болып отыр. Жобаның мақсаты Қазақстаннан экспортталатын мұнай және мұнай өнімдері, металл мен астықтың саны мен сапасына инспекция жүргізу саласындағы сервистік қызмет ұсыну, сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан компанияларының осы саладағы қызмет көрсету нарығындағы үлесін арттыру болып табылады.

Б. Палымбетов жобаның жалпы құны 240 млн теңгені құрайтынын жеткізді. 2008 жылы, алғашқы сатысында, 20 млн теңгені инвестициялау жоспарланып отыр. Екінші сатыда — 2009-2013 жылдар — жобаны жүзеге асыруға 220 млн теңге қаражат салынады.

«Орандалатын қызмет көлемі ақшалай алғанда жыл сайын 2 млн долларды құрайтын болады. Мұнымен қатар 100 шақты жаңа жұмыс орыны құрылады. Бұл жобаны жүзеге асыру жоғарғы оқу орындарына сапалы мамандар даярлауға көмектеседі (өндірістік тәжірибе, арнайы курстарды оқыту). Сондай-ақ, бұл мұнай кәсіпшілігінің лабораторияларының химиктеріне біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі», — деп сөзін түйді Б. Палымбетов.

Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру аясында «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Мұнай кәсіпшілігі химиясы институты» ЖШС арасында бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта жер телімін бөлуге байланысты процедуралар жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті