Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Т. Құрманбековтің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 3,9 млрд сомның салықтық түсімінің келіп түсуі қамтамасыз етілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 млрд сомға артық.
Әріқарай Т. Құрманбеков соңғы айларда Бішкек мэриясы мен Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің басшылары Қырғызстанның салық қызметінің жекелеген құқықтары мен өкілеттіктерін жергілікті билік органдарына тапсыруға бастамашы болып жүргендерін хабарлады. Осы жайтты әңгімелей отырыпҚ. Бакиев ешкімнің де Салық қызметіне араласпайтынын атап көрсетті. «Керісінше, барлық билік органдары салықтық түсімдердің мемлекет бюджетіне келіп түсуін қамтамасыз ету бойынша салық қызметінің жұмысына жәрдемдесулері керек», — деді Қырғызстан президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті