Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі халықаралық сахнада жаңа бейне қалыптастыруды қажет етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі халықаралық сахнада жаңа бейне қалыптастыруды қажет етеді

Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі халықаралық сахнада жаңа бейне қалыптастыруды қажет етеді

Мәскеу. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі халықаралық сахнада жаңа бейне қалыптастыруды қажет етеді. Бұл туралы бейсенбі күні "Қазақстан Республикасының ребрендингі" халықаралық конференциясының барысында Қазақстанның парламент сенаторы Еділбай Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 708
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі халықаралық сахнада жаңа бейнені қалыптастыруды қажет етеді. Бұл үшін халықаралық қауымдастықта өзіндік танылудың жаңа жүйесін құру керек», — деді Е. Иманқұлов.

Сенатор Қазақстанның әлемдік үрдістерге араласуы оның бейнесіне тәуелді болады деп есептейді.

«Экономикалық және саяси қайта құрулар жақсы қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан әлемдік ақпараттық қауымдастықта танылудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуі тиіс», — деп есептейді ол.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ақпараттық сараптама орталығының бас директоры Алексей Власовтың айтуынша, Ресейдің де, Қазақстанның да батыс бағыттағы имиджін жақсарту ісі үнемі қарсылықтарға ұшырап отыр. Ол имиджілерінің барлық бөлшектері аяғына дейін қосылмаса да, статистика мәліметтеріне жүгінсек, Ресей азаматтары Қазақстанды Ресейдің стратегиялық серіктесі ретінде қабылдайды.

«Ресейліктердің 72 пайызы Қазақстанды дос ел ретінде қарастырса, 50 пайызынан астамы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін ұнатады. Бұл сан үнемі тек қана өсуі керек», — деп санайды Власов.

Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің профессоры Людмила Адилова бренд құрылымын жасап шығару керек деп есептейді. «Бұл үшін брендинг департаментін құру қажет», — деп атап көрсетті Л. Адилова.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ақпараттық сараптама орталығының сарапшысы Рустам Назаров Қазақстанның бұған дейін Орта Азия мигранттарының тразиттік мемлекеті болғанына, ал қазір елдің экономикалық дамуының жоғарғы деңгейін көрсететін еңбек мигранттары үшін тартымды елге айналғанына назар аударды.

Сонымен бірге, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ақпараттық сараптама орталығының сарапшысы Наталья Харитонова жаңа бейне қалыптастырудың жақтайтын және қарсылық танытатын бірқатар дәйектемелер келтірді. Ол имиджіні елдің 17 жылда жүріп өткен жолын ескере отырып түзету керек деп санайды.

«Қазақстанның ішіндегі мемлекет бейнесі мен сырттағы дүниежүзілік сахнадағы мемлекет бейнесінің өзіндік ерекшелігін айыра білу қажет. Осы екеуінің арасындағы тұрақтылықты ұстай білу мемлекеттің имидж саясатының сәтті жүзеге асуының кепілі», — деп атап өтті сарапшы.

Ішкі бейне стратегиялар жиынтығымен (1994 жылғы Еуразиялық идеясынан бастап Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге ұмтылысына дейін) алмастырылған мемлекет идеологиясы», — деді Н. Харитонова.

Халықаралық сахнаға келер болсақ, оның пайымдауынша, Қазақстан өзін Еуразиялық мемлекет ретінде көрсеткісі келеді. Алайда, ол барлық көрсеткіштер бойынша өңірдегі көршілерінен айтарлықтай ерекшеленетін Азиялық сипатта болады.

«Қазақстан басшылығының риторикасы Еуропа тарихының мысалдарынан жыртылып айырылады. Ұлттық құрылыс негізіне француз үлгісі алынған. Ал ЕҚЫҰ-да төрағалық ету бүкіл дүниежүзіне Еуропа қоғамдастығының тең құқықты мүшесі ретінде Қазақстанның дербестігін көрсетуі керек», — деді Н. Харитонова.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Еуро-атлантикалық қауіпсіздік орталығының аға ғылыми қызметкері Андрей Казанцевтің пайымдауынша, Қазақстан Ресейде модернизация процесінің көшбасшысы ретінде танылған. ЕҚЫҰ-да төрағалық ету Еуропа одағының мойындағаны болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Еуропа кеңесінің мүшелігінен үміттеніп отыр. бұл дегеніміз бұрынғыдан да маңызды сұраным. Егер Қазақстан Еуропа Кеңесінің мүшелігіне қол жеткізе алса, бұл Қазақстанның Еуропалық табиғатын танығандық болып есептеледі», — деді Казанцев. Ол Қазақстанның келесі кезеңі Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Еуроодаққа мүше болу мәселесі болуы мүмкін, деп алаңдаушылық білдірді.

Жалпы алғанда сарапшылар қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының бренді президент Нұрсұлтан Назарбаев екендігін жоққа шығармады.

Бұл конференцияны Қазақстан сенатының және Халықтық дипломатияны қолдау қорының қолдауымен Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Ақпараттық сараптама орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған Ресей мемлекеттік гуманитарлық университет болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті