Алматының жылу және сумен қамтамасыз етілуіне 2008 жылы 43,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының жылу және сумен қамтамасыз етілуіне 2008 жылы 43,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Алматының жылу және сумен қамтамасыз етілуіне 2008 жылы 43,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Алматы. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматының жылу және сумен қамтамасыз етілуіне 2008 жылы 43,3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Алматыны энергиямен қамтамасыз ету проблемасы бойынша өткізілген жиналыста осындай мәліметтер келтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала әкімі аппаратының қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

Басқарма ақпаратына сүйенсек, биылғы жылы қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін 39,8 млрд теңге, сумен қамтамасыз етуге 3,5 млрд теңге жұмсалмақ.

«Жиналыс барысында өткен жылу маусымында энергиямен қамтамасыз ету қиындықтары бірқатар сыртқы себептермен, сондай-ақ, қала нысандарының бір бөлігіндегі құралдардың тозуымен байланысты болған», — деп көрсетілген таратылған баспасөз баянында.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала шаруашылығын алдағы жылу маусымына дайындайтын штаб құруға тапсырма берді. Сонымен қатар, энергетика компанияларына жылу шығындарын азайту бойынша шаралар жоспарын жасап шығаруды тапсырды.

«Жылу магистралдарын жөндеуден өткізу, жаңа және жөндеуден өткізілген қосалқы станцияларды іске қосу, аралық 2-ші ЖЭО — 1-ші ЖЭО магистралын салуды бастау, тұрғын үй қорын және білім беру, денсаулық сақтау нысандарын жылу энергиясын қабылдап алуға дайындау негізгі міндеттердің қатарына кіреді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, биыл «Су шеңбері» жобасын жүзеге асыру жалғасады. Ол Алматы қаласының қазіргі және жаңадан салынып жатқан ықшамаудандарында магистралдық желі, су және канализация құбырларын салуды қарастырады.

Әкімдіктің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы Алматы 4,3 млрд кВт/сағат электр қуатын, 7 млн Гкал жылу энергиясын, 272 млн текше метр ауыз су, 950 млн текше метр табиғи газ пайдаланған. Жылу көздеріндегі жылу энергиясының ресурсы 2007 жылы сағатына 3615 Гкал құраған. Жылу энергиясының жетіспеушілігі сағатына 382 Гкал болып отыр. Өзіндік көздерден алынған электр қуатының ресурсы 2007 жылы 950 МВт құраған. Электр қуатының жетіспеушілігі 400 МВт болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті