Байқоңырда израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастырылуы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастырылуы аяқталды

Байқоңырда израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастырылуы аяқталды

Байқоңыр. 11-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігін құрастыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы «Зенит-3SLB» зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде ұшыру межеленген.

Осы аптада «Энергия» ЗҒК мен «Байқоңыр» Федералды ғарыш орталығы «Вымпел» конструкторлық бюрасы мамандарымен бірлесе отырып №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастырып, жер орбитасына шығаруға арналған AMOS-3 жер серігін ДМ-SLВ үдеткіш блогымен түйістіру жұмыстарын жүргізді.

Кеше зымыран тасығышының ғарыштың бас бөлігі құрастырылып бүгін оны «Зенит-3SLB» зымыран тасығышымен жинақтау үшін №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусында жеткізіледі.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

AMOS-3 жер серігін «Зенит-3SLB» зымыран тасығышы арқылы ұшырылуы 2008 жылдың 24-сәуірінде жаңартылған кешеннің №45 алаңында жасалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті