Қазақстан Ұлттық қорға тиіспестен, әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын еңсере алады - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ұлттық қорға тиіспестен, әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын еңсере алады - президент

Қазақстан Ұлттық қорға тиіспестен, әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын еңсере алады - президент

Астана. 12-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Ұлттық қорға тиіспестен, әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын еңсере алады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше парламент мәжілісінің бір топ депутаттарын қабылдау барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Халықтың әлеуметтік жағдайы ешқандай да нашарламайды. Үкімет мұнай экспортына алым енгізді. Осы арқылы әлеуметтік қажеттерге арналған 170 миллиард теңге толығады. Сондай-ақ тұрғын үйден, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінен, индустриялық-инновациялық жобалардан басқа бірқатар нысандардың құрылысын тоқтата тұрып, тағы 100 миллиард теңгеге жуық үнемдеуге болады. Осылайша, Ұлттық қорға тиіспестен, біз әлемдік қаржы дағдарысының ықпалын еңсере аламыз», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Президент жаһандық қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына да ықпал етіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстан үкіметінің таяудағы бір-екі жылға басты міндеті инфляцияның өсуін ауыздықтау болып табылады. Бізге экономиканың өсу қарқынын киелі санау жөн болмайды»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті