«Біздің пікірімізше, жаңа Салық кодексі тұжырымдамасын дайындаушылар инвестициялық жеңілдіктер мәселесі бойынша ұтымды шешімді тапқан. Олар ондай преференцияларды жалпылама режимге көшіріп, салық төлеуші тиісті салық есебінің құжатын толтыру негізінде өзі келіп алатын болады», -деді Е. Никитинская.
«Егер бұл іс жүзінде енгізілетін болса, онда бізге өзіміздің өндірісімізді кеңейте дамытуға, оңтайлы жағдайда инвестиция салуымызға мүмкіндік туады», — деп есептейді Е. Никитинская.
«Ал егер қазіргідей, қосымша құн салығының дебеттік сальдосының орнын толтырудың тиімді механизмі жүзеге асырылатын болса, онда мүмкін біз инвестициялық жобалардың келісім шарты аясында кіргізілетін құрал жабдықтардың ҚҚС бойынша шығындарын қайтару жөніндегі инвестициялық жобалардың үлкен мәселесін шешетін боламыз «, — деп ойын толықтырды «Атамекен» төрағасының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті