Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында (Целиноград ауданы, Астана-Қорғалжын тас жолының 51 шақырымы) 13 сәуірде 20 сағат 32 минутта «ВАЗ-2106» және «Ауди» автокөліктері соқтығысу салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігі жанып кетті.
Апат салдарынан бес адам, соның ішінде бес жасар бала оқиға орнында қаза тауып, үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, ТЖМ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында (Зеленовский ауданы, Орал-Атырау тас жолының 31 шақырымы) 13 сәуірде 16 сағат 54 минутта «Мазда» автокөлігі «Фольксвагенмен соқтығысты».
Апат салдарынан алты адам, соның ішінде екі және төрт жасар бала жарақат салдарынан қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті