Әкімнен алданған үлескерлер мәселесінің шешілуін күтеді - газет - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімнен алданған үлескерлер мәселесінің шешілуін күтеді - газет

Әкімнен алданған үлескерлер мәселесінің шешілуін күтеді - газет

Алматы. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтен алданған үлескерлер мәселесінің шешілуін күтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Известия Қазақстан" газетіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 861
Фото - Caravan.kz

Газеттің «Алматинцы не ждут перемен» мақаласында көрсетілгендей, қазіргі кезде ең бастысы басталған жобаларды аяқтау. А. Есімовтен ең алдымен оңайлықпен шешіле қоймайтын алданған үлескерлер мәселесін шешуді күтеді.

«Барлық резервтерді пайдалана отырып, үлескерлермен есеп айырысу қажет», — деді Қазақстанның бағалаушылар палатасының атқарушы директоры және Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының вице-президенті Александр Калинин. Оның айтуынша, мемлекет құрылыс нарығына салақ құрылысышыларды жібергеніне кінәлі болып табылады.

Мақала авторлары атап көрсеткендей, үлескерлер бүкіл Қазақстан бойынша зардап шеккен. Сондықтан проблеманы республикалық деңгейде шешу қажет. Дегенмен, бір жағынан, құрылыс салушылар құрылыс рұқсатын қала әкімдіктерінен алған. Сол себепті олардан да жауап алынады. Одан өзге, «Альтернатива» («Балама») өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтың есептеуінше, егер қала билігі үлескерлер мәселесін шешпесе, ол қарсылық көрсетуге, соның әсерінен Алматыда тұрақсыздық жағдайына алып келуі мүмкін.

Алайда, алданған үлескерлер проблемасын қазіргі құрылыс саласының тоқырауы кезінде шеше қою да оңай емес. Қазір оңтүстік астанадағы аумақты құрылыс іс жүзінде тоқтатылған, деп жазады газет. А. Калининнің пайымдауынша, құрылыс саласын тек мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы ғана аяғынан тұрғыза алады.

Сондай-ақ, газет жол құрылысы мәселесі әлі де қалып отырғанын еске салады. Бұрынғы әкім Иманғали Тасмағамбетов Алматыдағы ірі көлік тораптары негізінен ірі құрылыс компанияларының инвестициясының арқасында салынғанын айтқан болатын. Қала халқы әлемдің дағдарыс жағдайында көптеген басталған және жоспарланған жобалар белгісіз мерзімге дейін тоқтаы мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде.

«Жағдай ұзақ уақыт бойы тұрақсыз болып қала алмайды. Менің ойымша, бұл 2 — 2,5 жылға дейін жалғасады. Соған қарамастан, бұл мәселелерді әлемдік дағдарысқа сілтей салмай, назарда ұстау керек. Егер сыртқы қарыз болмаса, даму институттарының арқасында мәселені шешкен жөн», — деді ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлнұр Рахматуллина.

Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған болатын.

И. Тасмағамбетов 2004 жылдың желтоқсаны айынан бастап Алматы қаласының әкімі болды.

Абылай хан — Панфилов — Құрманғазы — Шевченко көшелерінің ортасындағы үйлерде тұратын қалалықтар мен әкімдіктің бір-біріне қарсылық көрсетуі бір жылдан астам мерзімге созылды. Ол үйлер 1937 жылы ату жазасына бұйырылған, атақты сәулетші Зелькензонның жобасымен салынған. Мамандар үйі деп аталған ол үйлерде тек Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері тұрған. Осы үйлерде тұрғандарыдың 109-ы қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 5-і ату жазасына бұйырылған. Олардың ішінде Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бар.

2005 жылы аудан тұрғындары оның құндылығын дәлелдеп, нәтижесінде үйлерді бұзу туралы қаулының күші жойылған болатын. Бірақ, бір жылдан кейін бұл аудан тарихи орталық мәртебесінен қайтадан айрылды.

2007 жылдың 5-ақпанында осы үйлердің тоғыз тұрғыны мерізімсіз аштық жариялауды бастаған. Аштық жариялаушылар талаптарының бірі сәулетті және тарихи құнды Алматының тарихи орталығын сақтап қалу болған.

Қазіргі уақытта бұл құрылыс тоқтатылған. Себебі, «Модуль-Инвест» ЖШС құрылыс компаниясының қаражаты жоқ.

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Алматы тұрғындарының бастамашы тобы Алматы әкімінен әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жер кодексіне қайшы келетін қаулыларының күшін жоюды және «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын таратуын талап етті.

«Біз соттарды да, әкімшілікті де айыптадық, себебі, біздің пайымдауымызша, соттар мен «Алматыжер» тарапынан жасалып отырған осынау барлық заңсыз іс-әрекеттердің бастамашысы болып табылады, соның салдарынан мыңдаған адамдар үйлері мен жер телімдерінен айырылып қалды, кейбірі асыра табыс табатын құрылыс корпорациялары мен ірі алапсатарлардың арқасында жақын арада көшеде қалмақ»,- деп мәлім еткен-ді сол кезде акцияға қатысушылар.

Алматыда наурыздың 1-і күні Республика алаңының астынан «Алмалы» ойын-сауық орталығының салынуына қарсы қарсылық митингісі болып өтті. Республика алаңының астынан «Базис-А» құрылыс компаниясы іске асырып жатқан «Алмалы» көп функциялы кешенін салу нәтижесінде алаңның бойында сызаттар пайда болған еді. Кей жерлерде оның ені 50 сантиметрге дейін жеткен.

Алаңның астынан орталық салуға Қазақстанның ұлттық-демократиялық күштерінің өкілдері қарсы болған еді. Олар бұл құрылыс алаңның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты тарихи рөліне сай емес деген болатын. «Бұл тек пайда қуу ғана емес, Желтоқсан оқиғасының жәдігерін жою ниеті болып табылады», — деп мәлімдеген еді өткен жылдың қаңтар айында қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин. «Ақыр аяғына келер болсақ, бұдан басқа да жерлер бар емес па? Неліктен тап осы жерде осындай жайттар орын алуы керек», — деген болатын Ж. Қуанышәлин.

Ал Алматы қаласының әкімі И. Тасмағанбетов «Алмалы» орталығын салуды қолдады. «Республика алаңының астынан көп функциялық кешеннің салынуына келер болсақ, мен бірқатар алматылықтардың бұл құрылыстың жөнсіз салынуы жайындағы пікірлерімен таныспын. Мен бұл пікірмен мүлдем келіспеймін. Себебі — алаң дегеніміз мола немесе мұражай емес, ол өзінің белгілі бір функциясын атқарады», — деген еді И. Тасмағамбетов. «Біз алаңдар тек ресми қызмет қана атқаратын, яғни, әскери парадтар ғана өткізілетін кеңестік жүйеден бас тартқымыз келеді. Алаң ол кезде осыдан басқа қызмет атқармаған. Адамдар ол алаңдарды айналып өтуге тырысатын. Себебі, ол биліктің алаңы болған еді», — деп толықтырған болатын қала әкімі.

Сонымен бірге, сәулет және құрылыс саласындағы сарапшылар Алматыда жүргізіліп жатқан құрылыстардың сейсмикалық нормаларға сай келмейтіндігін талай рет көрсетіп, қала орналасқан 10 баллдық жер сілкінісі қаупі бар аймақта жөнсіз зәулім ғимараттар мен жер асты құрылымдарын салудың болуы мүмкін салдары жөнінде бірнеше мәрте ескерткен еді.

Үстіміздегі жылдың 18 наурызында бірнеше үйдің тұрғындары әкімді Atameken Kurylys ЖШС жүргізіп жатқан заңсыз құрылысқа қолдау көрсетіп отыр деп айыптаған болатын. Бұл туралы олар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған ашық хаттарында жазып көрсеткен. Өздерінің хатында үш үйдің тұрғындары үйлеріне жақын жерде екі жарым жылдан бері «Бес Тұлға» тұрғын үй кешенінің аясындағы көп қабатты жеті үйдің заңсыз салынып жатқандығын хабарлаған.

Биылғы жылдың 21 ақпанында ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінен алған жауап бойынша, санитарлық нормалар мен көп қабатты үйлерді салудың ережелері сақталмаған, тиісті рұқсат қағазынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Atameken Kurylys жер учаскесін қала әкімдігі мемлекеттік мұқтажына сатып алмақшы екендігі белгілі болған.

«Біз бұған өз қарсылығымызды білдіреміз. Алматы әкімі Тасмағамбетов бұл мәселені реттеуге ешбір құқығы жоқ, өйткені оның қатысуымен Алматыда екі жарым жылдан бері барлық талаптар мен нормаларды бұза отырып біздің үйлер мен №22 орта мектептің жанында көп қабатты зәулім үйлер салынып жатыр»,-деп ашынған-ды тұрғындар.

Тұрғындардың айтуынша, жерді сатып алу жөнінде мәселесін шешпес бұрын әкім сот шешімінің орындалуын тездетуі керек еді. «Немесе ол қыңыр-қисық салынған көп қабатты үйлерді жер учаскесімен бірге сатып алып, оны қаланың қарапайым тұрғындарына бермек ойы бар шығар. Әйтпесе, ауқатты адамдар мұндай үйлерде тұрмайды. Қынжылтатыны — олардың қала бюджеті есебінен сатып алынатындығында. Сонда әкім Алматыдағы барлық заңсыз салынған құрылыстарды сатып алмақшы ма? Егер олай болмаса, онда осы үйлерге неге назар тікті?» -дейді тұрғындар.

«Мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімге шара қолданылу керек немесе ол өз еркімен қызметтен кетуі керек. Ал жерлерді сатып алу мәселелері мен заңсыз құрылыстардың тағдыры шенеуніктердің бөлмелерінде күбір-сыбырмен емес, қоғамдық ұйымдарды, депуттарды, БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып, жариялы шешілуі тиіс», — деп есептейді азаматтар.

Ағымдағы жылдың 25 наурызында тұрғындар «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының іс-әрекеттеріне қатысты наразылықтарын ортаға салып, әкімшілік қызметкерлеріне қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовқа арнаған жолдауын табыс ету үшін келді. «Үйлері бұзуға жіберілген аудан тұрғындары біздер сіздің іс-әрекеттеріңізге және сізге бағынышты «Алматыжер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС атты құрылыс салушы компанияның іс-әрекеттеріне наразылық білдіреміз», -деп жазған қала тұрғындары И. Тасмағамбетовқа жолдаған петициясында.

Биыл 26 наурызда құқық қорғаушылар Алматы әкімшілігін бір күндік фирмаларға ақша мен құрылыс салатын жер бөліп беріп жатыр деп айыптаған еді. Заңгерлердің мәліметтеріне сүйенсек, жарғылық капиталы бар болғаны 100 мың теңгені, кейде тіпті одан да аз соманы құрайтын бір күндік фирмаларға шенеуніктер ақша мен құрылыс салатын жер бөліп беріп жатыр. Мұндай құрылыс компаниялары қазірдің өзінде мыңдап тіркелген».

Құқық қорғаушылар қаланың жоғарғы бөлігіндегі үйлерді бұзуға байланысты орын алған жағдайды шешуді өтініп ҚР президентіне, ҚР Бас прокурорына және ҚР Әділет министрлігіне хат жолдаған.

Мемлекет басшысының Алматының табиғат қорғау аймағындағы жерлерді мемлекет қарамағына алу туралы тапсырмасы орындалмай отыр.

Өткен жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыдағы құрылыстарда заңның орындалуын тексеретін жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы 1460 заң бұзушылықты анықтап, елбасы Алматы қаласы мен облысының әкімдері И. Тасмағамбетов пен Серік Үмбетовке қатаң сөгіс жариялаған еді.

Әкімдерге табиғат қорғау аймақтарында жер бөліп беру туралы барлық заңсыз шешімдердің күшін жойып, өтемақы төлеместен, тек құрылыс шығынын ғана төлеп заңсыз салынған құрылыстардың бұзылуын қамтамасыз ету тапсырылған-ды.

Алматы әкіміне «Шымбұлақ» курорты мен Медеу шатқалының маңындағы жер телімдерінің және осы жер телімдерінде орналасқан нысандардың иелерімен жер телімін мемлекет меншігіне өткізу туралы келіссөздер жүргізу тапсырылған болатын.

2007 жылы қазан айында Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов үкіметте өткен жиналыста жер телімдерін алу және онда орналасқан нысандарды бұзу туралы нақты шешім 2008 жылдың наурызына қарай қабылданатынына уәде берген.

Бұл ретте үйдің бұзылуы кезінде өз бетімен басып алған жер учаскелері бойынша өтемақы төленбейді. Ал жергілікті атқарушы биліктің заңды бұза отырып берген рұқсатындағы жер телімдеріне тек құрылысқа кеткен шығындардың орынын толтырады.

Алайда, азаматтар осы құрылыстарды салық төлеушілердің есебінен сатып алуға үзілді-кесілді қарсы. «Мемлекет тарапынан жасалған мұндай қадам қоғамдағы наразылықты шиеленістіріп жібереді. Адамдар осы жағдайдың кінәлілер жазаланып әділетті шешілуін күтеді. Әйтпесе, зейнетақы мен әлеуметтік жұмысшылардың жалақысын көтеру, сондай-ақ, Қазақстандағы алданған үлескерлердің проблемасын шешу секілді әлеуметтік әділеттілік мәселелері көлденеңінен шығады», — деп ескертті олар. «Мәселе қала билігі тарапынан жасалып отырған жаппай сыбайлас жемқорлық туралы болып отыр».

«Біздің қаламыз дүниежүзіндегі ең лас және газданған қалалардың біріне айналды. Ал бұрын Алматыда жасыл бақтар болып еді. Қазір олардың орнында коттедждер. Ұлттық парк мен табиғат қорғау аймақтарындағы жерді сата отырып әкімдік туындап келе жатқан экология проблемасын қаперіне де алмады. Тек қана баю жолын көздеді. Ал халық бәрін көріп отыр және осы жағдайда билік өзіне бедел жинай алмайды», — деп есептейді Ғ. Қалиев.

Қалалықтардың наразылығын тудырған тағы бір проьлема — жасыл желекті ағаштардың кесілуі. Соңғы жылдары Алматыда орасан көп мөлшердегі ағаш оталған. Атап айтқанда, Әл-Фараби даңғылы Желтоқсан көшесіндегі ондаған жылдар бойы жайқалып өскен қарағайлар мен шыршалар, Республика алаңындағы қырық жылғы жасыл шыршалар қырқылған. Биліктің ойында ботаника бағының ортасынан көше салу болған. Ол қала «өкпесінің өшуіне» алып келер еді. Ал қала әкімі бұл амалсыз шаралар деп мәлімдеген. 2006 жылдың 17 қаңтарында И. Тасмағамбетов Алматыны 2014-жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуден үміткер қала ретінде ұсыну жөніндегі сұраным комитетінің жаңа кеңсесінің таныстырылымы кезінде Әл-Фараби даңғылының бойындағы жасыл желекті кесу мәжбүрліктен туып отырған шаралар деп мәлімдеген болатын.

Өсімдік қорғау институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мағжан Исин Алматыда жасыл желектер санының азая түскенін, болашақта мұның экологиялық апатқа алып келу мүмкіндігін тілге тиек етті. «Осыдан 20 жыл бұрын Алматы бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі жасыл қалалардың алғашқы бестігіне енетін. Мұнда әрбір тұрғынның үлесіне 10-11 шаршы метр жасыл желектен келетін. Алматы сонымен бірге дүниежүзіндегі жасыл желек жамылған қалалардың ондығында болды. Осыдан төрт жыл бұрынғы мәліметке сәйкес, бір тұрғынның үлесіне 6 шаршы метр жасыл желектен келген. Бұл — биліктің ойламсыз әрекеттерінің кесірі»,- деді М.Исин.

2005 жылдың сәуір айында Алматы әкімі Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысындағы жаңа көлік торабының пайдалануға берілуі кезінде алдағы 3-4 жылда Алматының көлік проблемасының біраз бөлігін шеше аламыз деп мәлімдеме жасаған еді. Ол бұған көлік тораптары мен көп деңгейлі паркингтер салу арқасында қол жеткізілетінін хабарлаған. Алайда, қазіргі уақытта қала инфрақұрылым дағдарысының қыспағында қалып отыр. Барлық бағыттарда бірнеше шақырымдарға созылған көлік тығындары. Бұл бір мезгілде ойланбастан басталған бірнеше көлік тораптарының құрылысы нәтижесінде орын алып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті