Жақында құрылған ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Бәсекелестік туралы" жаңа заңның мәтінін әзірлеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақында құрылған ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Бәсекелестік туралы" жаңа заңның мәтінін әзірлеп жатыр

Жақында құрылған ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Бәсекелестік туралы" жаңа заңның мәтінін әзірлеп жатыр

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жақында құрылған ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Бәсекелестік туралы" жаңа заңның мәтінін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Астана қаласында өткен заң жобасының таныстырылымы мен алғашқы қоғамдық талқылау кезінде агенттік төрағасы Мәжит Есенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 773
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасының жұмыс жоспары, үкімет жұмысының жалпыұлттық жоспары бойынша аталмыш заң жобасын қараша айында парламентке ұсыну жоспарланып отыр», — деп мәлімдеді М. Есенбаев.

Ол концептуалдық жағынан алып қарағанда, жаңа заң жобасы қазіргі заңдардан, атап айтқанда — «Монополистік қызметті шектеу туралы» және «Қиянатшыл бәсекелестік туралы» заңдардан бірнеше айырмшылықтары бар екенін жеткізді.

«Заң жобасын жасаған кезде біз басынан бастап бүгінгі таңда барлық заң жобалары үшін қазық болып есептелетін нысананы көздедік. Ол — заңды тікелей іс-әрекет заңы етіп шығару», — деп атап көрсетті агенттік.

М. Есенбаев заң жобасы бәсекелестік нарығында мемлекеттің қатысуының негізгі қағидалары, формалары және негіздемесін анықтайтынын түсіндірді.

«Бәсекелестік нарығында мемлекет қатысуын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу қажет. Алайда, біз кері жағдайға куә болып отырмыз. Сондықтан, мемлекетке бәсекелестікті бұзбай қатысуға, керісінше, қатыса отырып, оның дамуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін ойын ережесін де бектуді аталмыш заң жобасында қарастырғанбыз», — деді ол.

М. Есенбаевтың айтуынша, заң жобасында монополияға қарсы органдардың қызметі тәуелсіз алқа негізінде құрылуы қарастырылған. «Монополияға қарсы орган нарық субъектілерін бәсекелестіктен қорғаумен байланысты мәселелерді ғана шешіп қоймайтындықтан бұл маңызды болып есептеледі. Өкінішке орай, мемлекеттік органдардың заңға қайшы іс-әрекеттерінен нарық субъектілері көбірек жапа шегетін жағдайлар кездесіп қалып жатады. Нарық субъектілерін мемлекеттік органдардың заңға қайшы іс-әрекеттерінен қорғау үшін, әрине, аталмыш орган тәуесіз болуы шарт», — деп жобалап отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттің бақылау-қадағалау органы алғаш рет заң жобасында тексеруден бас тартамыз деген бастамамен шығып отыр, деп атап көрсетті М. Есенбаев.

«Жоспардан тыс тексерулерден біз бас тартамыз. Бірақ, бізде басында тауар нарығының сараптамасы жүргізілетін болады. Соның негізінде әрі қарай қандай да бір субъект өзінің нарықтағы орынымен кедергі жасайды немесе асыра пайдаланатынын анықтайтын боламыз», — деп түсіндірді ол.

Заң жобасында «заңның экстерриториялығы» ұғымын енгізу ұсынылып отыр. М. Есенбаев бұл мәселенің Қазақстан нарығының көптеген инвесторларға ашықтығымен байланысты екендігімен түсіндірді. «Көптеген инвесторлар мұнда өз қызметтерін жүргізуде. Алайда, олар өзге мемлекеттердің резиденттері болып табылады. Және еліміздегі монополияға қарсы заңның бұзылуымен байланысты мәселелер олардың өзге мемлекеттегі негізгі қызметінде көрініс таба алмайды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті