«Байрам» мейрамханасының (Астана қаласы) 20 шаршы метр жерінде жайлаған өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды. Қаза болғандар мейманханада жұмыс істеген Өзбекстанның екі азаматы болып шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
ТЖМ мәліметтері бойынша, өртті ауыздықтау үшін жеке құрамның 11 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Қостанай облысының Октябрь ауданында жеке сектордағы жер үйлердің бірінді өрт өршіді. 40 шаршы метр жерді жайлаған өртті сөндіру кезінде бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті