Су мәселесі бойынша Тәжікстанда өткен келіссөздер нақты бір нәтиже бермеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су мәселесі бойынша Тәжікстанда өткен келіссөздер нақты бір нәтиже бермеді

Су мәселесі бойынша Тәжікстанда өткен келіссөздер нақты бір нәтиже бермеді

Шымкент. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан арасында су бөлісу мәселесі бойынша Тәжікстанның Ходжент қаласында өткен келіссөздер Қырғызстан жағы қатыспауға байланысты нақты бір нәтиже бермеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" РМК бастығының міндетін атқарушы Сембай Сейсенов хабарлады.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Кездесуге Қырғызстанның су шаруашылығы министрі келмей қалды. Ал ол келіссөздерде шешуші роль атқаруға тиіс болатын. Тоқтағұлдан қанша су келетінін білмей тұрып, су бөлісу жөнінде келісімге келу мүмкін емес», — деді С. Сейсенов.

«Келіссөздердің хаттамалық үлгісі рәсімделді, бірақ, елеулі өзгеріс жоқ», -деді ол.

«Тәжік жағы Қайраққұмды жөндеу үшін бізден қаржының бір бөлігін бөлуді сұрады. Бұл мәселені ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев үкіметте шешетін болады», — деді С. Сейсенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында А. Рябцев : «жұмада Тәжікстанның Ходжент қаласында біз әріптестерімізбен бірлесіп су тапшылығы ахуалын қарастыратын боламыз. Биыл су тапшылығынан тек біз емес, жалпы Ферғана аңғары зардап шегуде, онда 3 млн 500 мың гектар суармалы алқаптар бар»,- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті