«Мақтаарал ауданының мақта алқаптарын сумен қамтамасыз ететін «Достық» су арнасына секундына 43-45 текше метр су беріліп отыр, ал оның тұтыну көлемі секундына 100 текше метр суды құрайды «, — деп хабарлады «Югводхоз» РМК бастығының қызметін атқарушы Сембай Сейсенов.
Ауыл тұрғындары мұндай жағдай бұдан бұрын болмаған дейді.
«Шаруа қожалықтары көктемгі егін науқаны кезінде мұндай су тапшылығын көрмеген. Таңертең мардымсыз суды өзара бөліп аламыз, бірақ су арнасында су деңгейінің төмендігінен күніне аз көлемде ғана алқаптар суғарылады. Шаруалар биылғы жылы мақтаны отырғыза аламыз ба деп алаңдап отыр. Өйткені құрғақ жерге тұқымды себуден пайда жоқ. 122 гектардың тек 55 мың гектары суғарылды, ал егінді себу уақыты өтіп бара жатыр «, — деп өзінің үрейін білдірді Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Жамантай Бейсенбаев «Оңтүстік Қазақстан» облыстық басылымына берген сұхбатында.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ауыл шаруашылық министрлігінің мамандары шаруаларға мақта алқаптарын қысқартуды ұсынған. Бүгінгі кезде оңтүстік егіндік алқаптарын сумен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып отыр. Осыған орай берілетін су көлемі азайтылып, мақтаның алқаптары қысқартылуы керек. «Мысалы, жыл сайын Мақтаарал ауданында 122 мың гектарға мақта егілсе, биылғы жылы оның 85 мың гектарын пайдалануды ұсынып отырмыз», -деп мәлімдеді су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев 10 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында
Су тапшылығы Мақтаарал ауданымен қатар басқа да аудандарда сезіліп отыр. «Югводхоз» РМК хабарлағанындай, Бадам өзеніңде су деңгейі өте төмен және Сайрам өзені бассейні жағалауында орналасқан ауылдардағы жағдай ұшығып тұр.
Шардара су қоймасындағы су көлемі бүгінде 5 млрд 67 млн текше метр суды құрап отыр. Сырдария сағасына 100 текше метр су тасталып отырса, Қызылқұм арнасына секундына 80 текше метр су құйылуда. Ал су қоймасына секундына 100 текше метр су келуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті