Н. Бордюжа жұмыс сапары кезінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, қорғаныс министрі Шерали Хайрулломен, ТЖ және АҚ комитетінің төрағасы Хайрулло Латиповпен және сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен кездеседі. Келіссөздер барысында өткен жылы қатты аяздан зардап шегіп, гуманитарлық апат пен энергетикалық дағдарысқа ұшыраған Тәжікстанға Ұйым тарапынан жәрдем беру және ҰҚШҰ аясында қарым қатынас жасаудың болашағына арналған мәселелер талқыланады. Көктем келгелі бұл аймақтың жағдайы жақсара қойған жоқ, аяздан соң құрғақшылық орнап, шегірткелер қаптады.
Сонымен қатар тәжік- ауған шекарасындағы қауіпсіздік мәселесі қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті