Департаменттің баспасөз қызметінің инспекторы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, акция барысында 577 жасөспірім полиция бөлімшелеріне әкелінген. Оның 78-і спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жеткізілген.
«Сонымен қатар, біз 153 жеткіншекті әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Сабақтан қашып жүрген 9 жасөспірімді анықтадық және 71 ересек адамға қатысты әкімшілік іс қозғадық», — деп хабарлады Е. Сарқұлов.
Атап айтқанда, бала тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетінен қашқақтап жүрген 55 ересек адамды полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәмелеттік жасқа толмағандарды мастыққа дейін жеткізген екі ересек адамды ұстады, жасөспірімдерге темекі және алкогольдік өнімдерді сатқан 9 сатушыға айыппұл салды.
Полиция қызметкерлері профилактикалық тіркеуде тұрған 900-ден астам кәмелеттік жасқа толмағандарға кіріп шыққан. Олардың ішінде 49 токсикомен (уытқұмар) мен наркологиялық тіркеуде тұратын 71 жеткіншек бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті