ТЖМ ақпараты бойынша СҚО Новоукраинка ауылынды 14 сәуірде сағат 2.00 төрт пәтерлі үйде шыққан өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Тілсіз жаудың кесірінен үй толық өртеніп кетті. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 10 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылып, сағат 7.00 өрт өшірілді.
Сонымен қатар, СҚО Қарақоға ауылында 14 сәуірде 19 сағат 06 минутта төрт қабатты ғимараттың ВТИ-8 кептіру камерасында өрт шықты. Өртті 22 сағат 11 минутта ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметі ауыздықтады. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 59 қызметкері мен 8 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті