Қырғызстанның Қазақстанмен және Өзбекстанмен шекарасында екі бақылау-өткізу пункті ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Қазақстанмен және Өзбекстанмен шекарасында екі бақылау-өткізу пункті ашылады

Қырғызстанның Қазақстанмен және Өзбекстанмен шекарасында екі бақылау-өткізу пункті ашылады

Бішкек. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында "Ақ-Жол-автожол" және Өзбекстанмен шекарасында "Қара-Суу-автожол" бақылау-өткізу пункттері ашылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз хатшысы Марат Хавазов хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 611
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері арқылы жүк және жолаушылар ағынының артуы себепті халықаралық нормаларға сәйкестендіру үшін оларды қайта құру және қайта жабдықтау қажеттілігі туған.

«Ақ-Жол» және «Қара-Суу» өткізу пунктерінің инфрақұрылымын жасау жұмыстары Еуроодақ бағдарламасының және БҰҰ Даму бағдарламасының шекараны басқаруға жәрдемдесу және Орта Азияда есірткі таралуының алдын алу бойынша қаржылай көмегінің арқасында 2006 жылы басталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті