Астанада 13 сәуірде өрт салдарынан екі адам қаза тапты - Астана қаласының Өрт сөндіру қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 13 сәуірде өрт салдарынан екі адам қаза тапты - Астана қаласының Өрт сөндіру қызметі

Астанада 13 сәуірде өрт салдарынан екі адам қаза тапты - Астана қаласының Өрт сөндіру қызметі

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 13 сәуірде өрттен екі адам қаза тапты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана қалалық Өрт сөндіру қызметі департаментінен хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 538
Фото - Caravan.kz

«13 сәуірде «Байрам» мейрамханасында болған өрт салдарынан екі адам қайтыс болды. Өрттің алдын ала себептері темекі тарту кезіндегі бейғамдық, өрт сөндіру қызметкерлері келіп жеткен кезде өрт 25 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген», деп көрсетілген баспасөз орталығы таратқан ақпараттық хабарламада.

Өрт сөндіру қызметі департаменті өткен 3 айда Астана қаласында 154 өрт тіркелгенін, олардан келген шығын 6 млн теңгені құрағанын және осы уақыт ішінде өрт салдарынан екі адам қайтыс болғанын хабарлады. Ал өткен аптада қалада екі адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шеккен 9 өрт оқиғасы тіркеліпті.

«8 сәуір күні «Биолог» бақшалық қоғамдастығындағы саяжайда болған өртті сөндіру кезінде арқасын екінші дәрежедегі күйік шалған адам табылған. Ол травмотология ҒЗИ күйік шалу бөліміне жатқызылды», — деп көрсетілген баспасөз баянында.

Өрт сөндіру қызметі департаменті өрттің тууына сол баяғысынша халықтың отты дұрыс пайдаланбауы, ал кісі өлімі бар өрттердің тууына темекі тарту кезінде сақтық шараларының орындалмауы себеп болып отырғанын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті