"Қазақстан темір жолының" бұрынғы басшысының шағымы қанағаттандырылмады - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан темір жолының" бұрынғы басшысының шағымы қанағаттандырылмады - қаржы полициясы

"Қазақстан темір жолының" бұрынғы басшысының шағымы қанағаттандырылмады - қаржы полициясы

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты дүйсенбі күні "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевтің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Айыпталушы Жақсыбек Күлекеев және оның қорғаушылары ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 110-бабының тәртібіне орай Сарыарқа аудандық сотында оны қамауға алу санкциясына шағым түсірді», — деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әбдірәлі Бөлебай.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы 1 сәуір күні тұтқындалған. Оған қарсы аса ірі көлемдегі 100 мың доллар пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, коммерциялық құрылымдарға вагон жеткізіп бергені үшін 295 мың теңге көлеміндегі пара алған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тасымалдауды басқару орталығы бастығының орынбасары Нұрабай Жанайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті