Астанада 2006 жылдың 4 шілдесінде қол қойылған бір заң құпия ақпаратты өзара қорғау жөніндегі үкіметаралық келісімді бекітуге бағытталған. Екіншісі Қырғызстан тарапынан KfW (неміс несиелік ұйымы, Франкфурт-на-Майне) мен Қазақстан , Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы 1 млн 200 мың евро көлеміндегі грантты «Орталық Азиядағы туберкулезге қарсы күрес бағдарламасына қосымша маман дайындау және біліктілікті шыңдау шаралары» атты жоба бойынша беру жөніндегі келісімге заңнамалық құзырет береді. Келісімге 2007 жылдың 23 тамызында Бішкекте қол қойылған.
Бұл қырғыз-қазақ ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған үшінші заң, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев екі мемлекеттің үшінші елдердің азаматтарына берген туристік визаларын өзара мойындау туралы Қазақстанмен арадағы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды. Келісімге 2007 жылдың 26 сәуірінде Бішкекте қол қойылған. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанның Ыстықкөл, Талас және Чу облыстарында, Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарында өзара туристік виза танылады.
Сонымен бірге Қ. Бакиев бұдан басқа да бірқатар заңға, соның ішінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізу туралы, азаматтық авиацияны заңсыз оқиғалардан қорғауды қамтамасыз ету туралы заңдарға қол қойды.
Бұл заңдардың бәрі де Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес, халықаралық келісімдердің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік процедураларды жүргізу үшін қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті