Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады

Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агентттік тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Ел экономикасының бұрындары жинақтаған беріктік қоры мен үкімет тарапынан қолданған шаралар бірінші тоқсанда Жалпы ішкі өнімнің өсімін 105,3% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл болжанған 5 — 7% параметрге сай келеді», -деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі бұған қоса «2008 жылдың қаңтар-наурчз айларында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына шаққанда 2,5% құрағанын, бұл өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 0,1%-ға аз екенін» атап өтті.

Оның мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің өсімі бірінші тоқсанда 3,7% болды, осы орайда өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны біраз төмендеген, атап айтқанда, түсті металл мен құрылыс материалдарын өндіру өсімінің төмендеуі есебінен өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны 1,2%-ға кеміді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті