Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3%
құрады  (толықтырылған нұсқа)

Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 105,3% құрады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агентттік тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Ел экономикасының бұрындары жинақтаған беріктік қоры мен үкімет тарапынан қолданған шаралар бірінші тоқсанда Жалпы ішкі өнімнің өсімін 105,3% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл болжанған 5 — 7% параметрге сай келеді», -деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі бұған қоса «2008 жылдың қаңтар-наурчз айларында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына шаққанда 2,5% құрағанын, бұл өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 0,1%-ға аз екенін» атап өтті.

Оның мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің өсімі бірінші тоқсанда 3,7% болды, осы орайда өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны біраз төмендеген, атап айтқанда, түсті металл мен құрылыс материалдарын өндіру өсімінің төмендеуі есебінен өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны 1,2%-ға кеміді.

«Өнеркәсіптік өнімнің өсімі 3,7% құрады, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде — 6,8% болды. Өңдеу өнеркәсібінің өсім қарқыны 1,2%-ға төмендеген, негізінен түсті металл өндірісі өсімінің қарқыны 3,5%-ға, азық-түлік өнімдерінің өсімі 4%-ға және құрылыс материалдарын өндіру өсімінің қарқыны 21,7%-ға төмендеді», — деді Б. Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, «өндіріс көлемінің азаюына қарамастан, жылдың басында, наурыз айында өнеркәсіп өнімінің көлемі алдағы аймен салыстырғанда 10%-ға, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 10,2%-ға өсті».

Оның мәліметінше, ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 3,7%-ға, негізінен мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі есебінен (3,8%-ға) өскен.

«Негізгі капиталға салынатын инвестициялар өсімінің жоғары қарқыны сақталып отыр, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өсім 16% (өткен жылы 7,1%) құрады», — деді Б. Сұлтанов.

Сонымен бірге, еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің мәліметінше, «тұрғын үй құрылысын салу қарқыны баяулағанына қарамастан, 2008 жылдың бірінші тоқсанында жалпы экономикадағы құрылыс жұмыстарының көлемі 8,5%-ға өсті».

Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 38,5%-ға өсті, өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген баспана көлемі 3,6%-ға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті