Қазақстан экономикасы 2008 жылдың бірінші тоқсанында қаржы секторындағы ахуалдың тұрақтануымен сипатталды - экономика және бюджетті жоспарлау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасы  2008 жылдың бірінші тоқсанында қаржы секторындағы ахуалдың  тұрақтануымен сипатталды - экономика және бюджетті жоспарлау министрі

Қазақстан экономикасы 2008 жылдың бірінші тоқсанында қаржы секторындағы ахуалдың тұрақтануымен сипатталды - экономика және бюджетті жоспарлау министрі

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан экономикасы 2008 жылдың бірінші тоқсанында қаржы секторындағы ахуалдың тұрақтануымен сипатталды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агентттік тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық банктер үшін шетелдік ресурстарды тарту шарты қатайтылғанына және бұрын алған несиелерді қайтару төлемдерінің көлемі жоғары екеніне қарамастан, экономиканы несиелендіру көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалмайды», — деді Б. Сұлтанов.

Оның мәліметінше, жылдың басымен салыстырғанда 1-наурыздағы жағдаймен екінші деңгейлі банктердің экономикаға таратқан несиелері небәрі 0,26%-ға азайды, «ең алдымен жеке тұлғаоларды несиелендіру көлемінің төмендеуі есебінен» азайған. «Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда несиелер көлемі 44%-ға өссе, жылдың басынан бері резиденттердің депозиттерінің көлемі 2%-дан аса, ал халықтың банктердегі салымдарының көлемі 1,8%-ға өсті», -деді министр.

Оның мәліметінше, еліміздің халықаралық резервтері 1 тоқсанда 9,7%-ға, $42,4 млрд дейін, еліміздің сыртқы сауда айналымы 2008 жылдың қаңтар-ақпан айларында 41,8%-ға, соның ішінде экспорт 62%-ға, импорт — 10,9%-ға өсті. Бұл орайда импорт құрылымындағы біршама үлес — 41,6% — машиналар мен жабдықтарға тиесілі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті