БҰҰ азық- түлік дағдарысын шешу процесін басқаруы тиіс - Пан Ги Мун - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ азық- түлік дағдарысын шешу процесін басқаруы тиіс - Пан Ги Мун

БҰҰ азық- түлік дағдарысын шешу процесін басқаруы тиіс - Пан Ги Мун

Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ азық- түлік дағдарысын шешу процесін басқаруы тиіс. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, 14 сәуірде БҰҰ Нью -Иорктегі штаб пәтерінде БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясы мен Әлемдік сауда ұйымының қатысуымен өткен БҰҰ экономикалық әлеуметтік кеңесінің арнайы жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 602
Фото - Caravan.kz

Ақпарат орталығының мәліметтері бойынша жиналыста Пан Ги Мун әлемдегі азық-түлік дағдарысы табысы төмен елдерде 100 млн адамды кедейшілікке ұрындырғанына назар аударды. Ол атап өткеніндей бүгінгі кезде аштықтың алдын алып қысқа мерзімді көмек көрсету шараларын жүзеге асырып қана қоймай, бидай дақылдарын өсіру алқаптарын кеңейту қажет.

Бас хатшы азық- түлік дағдарысына ұрындыратын үлкен саяси текетірестерді алдын алуға шақырды. Ол мәлімдегеніндей БҰҰ жаһандық мәселені шешуге бағытталған процесті басқаруы тиіс.

Пан Ги Мун еске салғанындай, 2002 жылдың 22 наурызында дамуды қаржыландыру мәселесі жөніндеге Монтеррей консенсусының қорытындысын шығару үшін әлемдік басшылар қараша айында Доха, Катарда бас қосады. Олар қол жеткізілген жетістіктерге баға беріп, орта деңгейлі табысы бар мемлекеттердің сауда саласының дамуында тосқауыл болып тұрған жайттарді қарастырады. Сондай-ақ дамуы төмен елдердің қаржылық нарығын тұрақтандырып, сауда-саттық жағдайын жақсартуға қолғабыс жасайды.

Пан Ги Мун сауда-саттықтың ахуалы төмен елдердің экономикалық дамуының негізгі қозғалтқыш күші бола алатынын тағы бір ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті