Мәскеуде ТМД елдерінің антитеррорлық орталықтарының лаңкестікпен күрес саласындағы ықпалдастығы жайлы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД елдерінің антитеррорлық орталықтарының  лаңкестікпен күрес саласындағы ықпалдастығы жайлы талқыланады

Мәскеуде ТМД елдерінің антитеррорлық орталықтарының лаңкестікпен күрес саласындағы ықпалдастығы жайлы талқыланады

Алматы. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде 15-17-сәуірде ТМД елдерінің ұлттық антитеррорлық орталықтарының жетекшілері ТМД елдерінің ұлттық антитеррорлық орталықтарының лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы ықпалдастығы жайлы талқылайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 709
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде «ТМД елдерінің ұлттық антитеррорлық орталықтарының лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы ықпалдастығын жетілдірудің басты бағыттары » тақырыбы талқыланады. Осы жолы жетекшілер Достастық аясындағы осындай қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында бас қосып отыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іс-шарада антитеррорлық орталықтарының өкілдері, қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің жетекшілерінің кеңесінің, ТМД Атқару комитетінің өкілдері сөз сөйлейді. Ұлттық антитеррорлық орталықтары мен арнаулы бөлімдердің, осы салада маман дайындаумен шұғылданатын білім беру мекемелерінің өкілдері өз жұмыстарының нәтижесі жайлы баяндайды. Сонымен бірге, арнайы кездесуге қатысушылар үшін арнаулы қызмет жауынгерлеріне арналған қорғаныс құралдары мен киімдерінің тұсаукесері өткізіледі.

ТМД елдерінің лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы ынтымақтастығын үйлестіруші — 2000 жылы арнайы құрылған антитеррорлық орталық болып табылады. Орталық жыл сайын бірлескен командалық-штабтық, оперативтік-тактикалық және тактикалық арнаулы оқу-жаттығулар өткізеді.

Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен ТМД-ға қатысушы елдердің лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлық-зомбылыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы 2008-2010 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы бекітілген. Оны қабылдау ТМД елдерінің жаңаша қауіп-қатерлерге лайықты жауап қатуы қажеттігіне сәйкестендірілді. Бағдарламаның мақсаты — мемлекеттердің осы саладағы ықпалдастығын одан әрі жетілдіру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті