Оның сөздері бойынша Шығыс Қазақстан облысының майлы дақылдардан өсімдік майын өндіретін негізгі өндірісшілері бүгінгі күні өнімнің бір келісінің бағасын 200 ден 250 көтеруде.
П. Потаповтың айтуынша, өткен жылдың күзінде Қазақстанның майды өндеу зауыттары майлы тұқымдарды сатып алу үшін тиісті көлемде қаржы ала алмады.
«Үкімет былтырғы жылдың күзінде бізді несиесіз қалдырды және Қазақстанның май өңдеу зауыттары майлы тұқымдарды 2008 жылдың жаңа астығына дейін жеткізу үшін майлы тұқымдарды сатып алайын дегенде өткен жылдың күзінде тиісті көлемде несиелік қаржыны ала алмады «, — деді П. Потапов.
Оның мәліметтері бойынша «Вита» фирмасы соя бұршағын сатып алу үшін Қазақстанның даму банкінен 4 млрд теңгенің орнына 1 млрд 200 млн теңге алды. Сондықтан өндірісшілер фермерлерден қажетті көлемде шикізат сатып алуға шамалары жетпеді. Соның нәтижесінде соя бұршағының 40 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді, сондай -ақ күнбағыс пен рапстың барлық түсімі сыртқа сатылды.
«Шілдеден бастап Қазақстанда жаңа астыққа дейін бір литр де өсімдік майы шығарылмайды, мемлекет толық импортқа қарап қалады», — деп есептейді П. Потапов. «Ал жаңа астық қандай болатыны да белсісіз, өйткені көктемгі егіс жұмыстары үшін бөлінетін қаржының бірде бір тиынын әлі алғанымыз жоқ «, -деп хабарлады май өндіру компаниясының басшысы.
«Азық-түлік дағдарысы — ол миф емес, іс жүзінде болатын жағдай», — деп есептейді П. Потапов. «Бүгінгі кезде май өндірісі саласында нақты дағдарыс басталды «, — деп атап өтті ол.
«Дағдарыс кезінде басқарудың басқа тәсілдерін қолдану керек. Ал біз дағдарысқа қарсы күреске арналған шаралардың қолға алынуын көріп отырғанымыз жоқ «, — деп қорытындылады П. Потапов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті