Тәжікстан СІМ-нің хабарлауынша, кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік ынтымақтастық, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ЕҚЫҰ және ШЫҰ-мен ықпалдастығын талқылады. Байланысты нығайту және Ауғанстан аумағындағы бітімгершілік күштерге қолдау көрсету мәселелеріне баса назар аударылды.
Бүгін түстен кейін Н. Бордюжа Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі деп күтілуде, олар Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының Душанбеде өткен саммитінің шешімдерін орындау мәселелерін талқылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті