Қ. Бозымбаев президентті жаңадан жасалған «Самұрық» холдингінің 2015 жылға дейінгі даму стратегиясымен таныстырды. «Жаңа стратегияға сәйкес «Самұрық» әкімшілік холдингтен басқарушы холдингке айналуы керек. Оның басты функциясы — еншілес компанияларының жаңа құнын жасап шығару болмақ», — деді тілшілерге арналған брифингте Қ. Бозымбаев.
Бұл құжатта мемлекеттік холдинг қызметінің екі басты бағытына назар аударылған. Оның біріншісі — тиімді инвестициялық портфель қалыптастыру және екіншісі — холдинг қызметін оңтайландыру және тиімділігін арттыру.
«Президент негізінен компания стратегиясының басты элементтерін қолдады. Енді біз осы стратегияны талқылау және шешім қабылдау үшін үкіметпен жұмыс істейтін боламыз», — деп хабарлады Қ. Бозымбаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады. Ол Елорданың халықаралық тұсаукесірінің 10 жылдығын өткізу концепциясымен таныстырды.
И. Тасмағамбетов атап өткендей, президент алдағы мерейтой концепциясын мақұлдаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті