Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жайлы сөз қозғалды.
«Словакия президенті болып тұрған кезімде, 2001 жылы мен ресми сапармен Қазақстанға келдім. Сол сәттен бері Қазақстанның Елордасының қанатын кеңге жайғаны соншалық, мен оны тіпті танымай қалдым. Астана тамаша қала болыпты»,- деді Р.Шустер брифингте.
Экс-президенттің айтуынша, онымен бірге Словакияның ірі компанияларының жетекшілері келді, олар Қазақстандық әріптестерімен темір жол транспорты, денсаулық сақтау, экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
«Осынау барлық жобалар таяудағы 1-2 жылда жүзеге асады. Қазақстанның экономикалық даму қарқыны көпшілікті таңдандыруда. Бұл жерде бизнесті дамытуға барлық жағдайлар жасалған», -деп мәлімдеді Р.Шустер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті