Қазақстандағы азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын жетілдіру жайы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын жетілдіру жайы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланды

Қазақстандағы азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын жетілдіру жайы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланды

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ҰҚК басшысы Амангелді Шабдарбаевтың төрағалығымен және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының орынбасары Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының көшпелі отырысы Қазақстандағы азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын жетілдіру мәселесіне арналды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 699
Фото - Caravan.kz

«Ведомствоаралық комиссия төрағасы А. Шабдарбаев азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелік проблемасына қатысушылардың назарын аударды. Осыған байланысты ұйымдастырушылық және нормативтік сипаттағы нақты шешімдер қабылданды. Дүниежүзілік стандарттарға сәйкес қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізу басты мақсат етіп қойылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен бірге, отырыста Елорданың онжылдық мерейтойына орай Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Ведомствоаралық комиссия отырысында бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев, Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағаы Мұхит Қубаев пен ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев баяндама жасады, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті