Оңтүстік Қазақстан , Алматы , Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн суытатындығы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан , Алматы , Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн суытатындығы жарияланды

Оңтүстік Қазақстан , Алматы , Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн суытатындығы жарияланды

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан , Алматы , Қызылорда және Жамбыл облыстарында күн суытатындығы жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17-18 сәуірде Қызылорда, ал Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде сынап бағанасы түнде 0 — 5 градус суықтықты көрсетеді. Алматы және Жамбыл облыстарында 17 сәуірде қар, жаңбыр жауып, 18-19 сәуірде ауаның температурасы түнде 2 — 7 градус суыққа дейін төмендейді.

Таяудағы тәуліктерде нөсер күтілуге байланысты Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген тау өзендерінде жаңбырдан кейін тасқын жүруі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті