Шымкентте көп қабатты 12 баспана мен 6 жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көп қабатты 12 баспана мен 6 жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте көп қабатты 12 баспана мен 6 жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" " - Шымкентте көп қабатты 12 баспана мен 6 жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 15 сәуірде 16 сағат 18 минутта Шымкент қаласында «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ диспетчерлік қызметінің кезекшісінен № 160 төмен қысымды газ құбырының сыртқы суырмасының белгісіз біреулермен жабылғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Соның салдарынан көп қабатты 12 баспана (870 пәтер) мен алты жай үй тұрғындары көгілдір отынсыз қалды.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше жағдайды ауыздықтау жұмыстарына «Қазтрансгаз-Аймақ»АҚ апатты жою бригадасы жұмылдырылды. Газ бүгін сағат 9.00 қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті