«Ол «сенім» жәшігінің арқасында тұтқындалды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің инспекторы Ерболат Сарқұлов.
Оның айтуынша, «Есірткі қорғаны» акциясын өткізу кезінде қаланың көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде қартаң әйел осымен бірнеше жыл өз үйінде нашақорларды қабылдап келе жатқаны белгілі болған.
«Зейнеткер әйел өз пәтерінің бір бөлмесін үнемі нашақорларға өздерінің кезекті «дозасын» қабылдау үшін беріп келген», — деді Е. Сарқұлов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, өз қызметі үшін кейуана ылғи 250 теңгеден алып отырған. Тексеру барысында оның пәтерінен көптеген пайдаланылған шприцтер табылды.
Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда, күдіктінің жас мөлшері мен денсаулық жағдайын ойластыра отырып уақытша тергеу изоляторына қамаудың орнына ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті